Ән кеші кеше, яғни 27 наурыз күні ОҚО-ның Жетісай қаласында өткен.
“Концерттен түскен қаражат Қытай әуежайында біреудің алдауына түсіп, есірткімен ұсталған Ақжарқын Тұрлыбаеваның ата- анасына беріледі. Қыздарын бір көріп қайту үшін біраз қаражат керек екен. Алла разылығы үшін жария сауап. Үндемей өзім ғана сауап жинауыма болатын еді, бірақ сіздер де құры қалмаса екен деп ойладым. Әрине сауапты Алла береді, біздікі шынайы амал ғой”, – деп түсіндірді Алтынай.
Өз кезегінде Ақжарқынның ата-анасы Астанадан арнайы ат басын бұрып келген әншіге ризалышық білдіріп, ақ батасын берді.