Бұл орайда желі қолданушылары “онсыз да той-томалақтан миллиондап табасыздар, мұндай іспен айналысудың не қажеті бар?” деп Жорабаеваны сынға алған, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Әдетте үнсіз қалатын әншінің бұл жолы шыдамы шегіне жеткен. Ол желіде өзін сынағандарға жауап берді.
"Мен де ет пен сүйектен жаралған пендемін. Менің де жүрегім бар. Менің де сезімім бар. Менің де көңілім бар".
“Неге осы бірнәрсе салсаң, жан-жақтан жұлып жегілері кеп тұрады көп адамдар? Қалтамызды, ақшаны есептеп, жетім-жесірге бер деп… Аллаға шүкір, одан кенде емеспіз. Сауап іс жасап жатқанымызды айтсақ, бәрі бір тиын болады ғой. Енді барлық мұқтаж жанға көмектесуге міндетті емес шығармыз. Менің де бала-шағам, туған-туыстарым бар дегендей. Қой, мен әншімін, жиһаз салоным бар, табысым жетеді деп отыра беруге де болатын шығар. Бірақ денсаулық барда, мүмкіндік барда, неге тағы қосымша іспен айналыспасқа? Кәсіп болса, нәсіп болады. “Қыстың қамын жаз ойла, жаздың қамын қыс ойла. Бір ойлама, үш ойла” дегендей ғой сол менікі”, – деп жазды.