Алтынай Жорабаева: "Күйеуім ешқашан қазақстандық әншілерді тыңдамайды" - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
0 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алтынай Жорабаева: "Күйеуім ешқашан қазақстандық әншілерді тыңдамайды"

Алтынай Жорабаева: "Күйеуім ешқашан қазақстандық әншілерді тыңдамайды"

Танымал әнші Алтынай Жорабаеваның жолдасы қазақстандық әншілерді тыңдамайтынын жеткізді.

  • 5 Қаңтар 2021
  • 12849
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.

Әнші инстаграмдағы Stories-те күйеуімен екеуара болған әңгіме жайлы видео жариялады.

"Қазіргі фанатым. Бұрын Алишпен танысқан кезімде: 'Сен негізі ән айтады екенсің ғой' деген еді. Содан соң күліп, 'Өмір өзен' деген әнімді жіберген болатынмын ватцап арқылы. Содан ол: "мәссаған, сен керемет айтады екенсің ғой" деп жауап жазды. Ойлаңызшы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайреткеріне солай айтты" , — деді әнші күліп.

Алтынайдың жолдасына қойған сұрағы: "Жан, сен неге солай айттың сол кезде маған?!"

Жолдасы: "Себебі қазақстандық әншілерді ешқашан тыңдамағанмын" ,- деп жауап берді.


Алтынай: "Тоқташы мына жерден түсіп қалайыншы, жаяу кете берейін", — деп қалжыңдады.

Естеріңізге сала кетейік, жақында некесін жаңартқан Жорабаева ханым махрге су жаңа көлік сұрағанын айтқан болатын.