Алтынай Жорабаева: Қыздарымның әкесі де, анасы да – менмін - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алтынай Жорабаева: Қыздарымның әкесі де, анасы да – менмін

Алтынай Жорабаева: Қыздарымның әкесі де, анасы да – менмін

Жақында Елбасының тарапынан елдің алдында үлкен құрмет көрген Алтынай Жорабаева сол кезде Президенттің өзіне не дегенін айтты.

  • 24 Қаңтар 2018
  • 450
Фото - Caravan.kz

Алтынай Жорабаева Qazaqstan арнасындағы "Бақытты әйел" бағдарламасында қыздарын жалғыз өзі тәрбиелеп жатқанын айтты, деп хабарлайды Today.kz.

"Өмір болғаннан кейін отбасылық жағдай Қазақстанда Алтынайдың ғана басында емес деп ойлаймын. Кез келген адамның басында тууы мүмкін. Біреуді біреу талқылауға қақысы жоқ. Қыздарымның әкесі де, анасы да мен болғандықтан, Астананың сары аязында, отбасының сары аязында жасық болмай өсулері үшін барлық жағдайды жасап жатырмын. Өмір өзі үйретеді ғой", — деді Алтынай Жорабаева. 

Әнші өз бойындағы комплекстерді қалай жеңгенін жеткізді. 

"Осыдан үш жыл бұрын кішкене комплекс болды, отбасыдан айырылғаннан кейін "жұрт не ойлайды, ата-анама бата ма екен" деген әртүрлі ой санамда жүрді. Сол кезде Айнұр құрбым Қарақат екеуі мені басып-басып айтып тастаған. "Сен халықтың алдында жүрген адамсың, әрбір қазақ қызы сендей-ақ болсын. Кімнің өмірінде ондай болмай жатыр. Ешкімнің ешкімге күлуге хақысы жоқ. Ең бастысы өнерде оза шауып жүргенің, көптің сүйіктісі болғаныңның өзі кез келген адамның өмірінде бола бермейді. Сендей болғысы келетін қаншама қыз жүр?! Бәйгеге түскенде де оза шауып келесің, Елбасының ықыласына бөленіп жатырсың", — деп қатты-қатты айтқан болатын. Қазір өз қыздарыма да "мендей болыңдар, өмірлік ұстанымдарың маған ұқсаса, жаман болмайсыңдар" деп айтып отырамын", — деді Алтынай. 

Жақында Елбасының тарапынан елдің алдында үлкен құрмет көрген Алтынай Жорабаева сол кезде Президенттің өзіне
не дегенін
айтты. 

"Президентті Астанадағы жеке кешіме шақырған болатынмын. Ол кісілерде жұмыс көп, жылдың аяғы дегендей. Бірақ сол шақырту хатымның ол кісіге жеткеніне қуандым. Келесі күні тағы да мемлекеттік концертке қатыстым. Әнімді айтып болғанда Елбасы орнынан тұрып: "Бері кел, Алтынай" деп шақырғанда қорқып, дірілдеп, сахнада не істерімді білмей қалдым. Елбасы қолымды алып: "Айналайын, кеше концертің жақсы өтті ме? Шақырғаныңа рақмет, келе алмадым. Бірақ бүгінгі концертте менің алдымда ән салып берсін деп сені айтып едім. Менің сөзімді тастамай келгеніңе рақмет", — деді Елбасы. Меніңше бұндай құрмет ешқандай әншіде болмады-ау деп ойлаймын", — деді Алтынай.