Алтынбек Қоразбаев менен кешірім сұрады, өзі ел-жұртқа ұятқа қалды - Ілиясов - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алтынбек Қоразбаев менен кешірім сұрады, өзі ел-жұртқа ұятқа қалды - Ілиясов

Алтынбек Қоразбаев менен кешірім сұрады, өзі ел-жұртқа ұятқа қалды - Ілиясов

Бір кездері талай әндері арқылы танымал болған сазгер-әнші Марат Ілиясов көпшілікке не үшін көрінбей кетті. Соңғы жылдары әнімді ұрлады деп композитор Алтынбек Қоразбаевпен соттасқан сазгер бүгінде қайда жүр.

  • 13 Қараша 2018
  • 288
Фото - Caravan.kz

Аға буын мен орта буынға жақсы таныс композитор қазір немен айналысып жатқанын, шығармашылығында қандай өзгерістер мен жаңалықтары барын Caravan.kz медиа-порталына айтып берді.

— Мен қазір Астанадамын. Біраз әндерімді өңдеп, фонограммалары дайын болған соң жарыққа шығарайын деп жүрмін. Жаңа әндерімді әншілерге жаздырып жатырмын. Құдай қаласа жаңа жылдың ар жақ-бер жағында екіден, үштен шығарсам ба деп отырын. Бәрін шығару үшін де уақыт керек. Ән шығару де оңай шаруа емес. Аранжировкасы бар, фонограммасы бар, әншілердің сьемкасы бар, кейбірі бейнебаян түсіргісі келеді дегендей. Сондай шаруалар болып тұр. Ең бастысы жаңа әндер, шығармалар жетеді. Жұмыста жүргендіктен шығармашылықпен айналысуға уақыт та болма бермейді. Бірақ әнді де көп ұстауға болмайды ғой. Халыққа естірту керек.

— Әндеріңізге әншілердің өздері келіп, сұрап, қолқа салып жатқандары бар ма?

— Иә, кездескен әншілердің барлығы сұрап жатыр. Менің әндерімнің халыққа кең таралғанын біледі ғой. Шынымды айтқанда, кейбір әншілердің әншілік мүмкіншіліктерін біле бермеймін. Кейбірі қанша танымал болса да, дауыстары ұнамайды. Дауысы нашар болған соң әнімді бергім келмейді. Бір жағынан ән деген тарата беретін нәрсе емес қой. «Жақсы әніңіз болса тыңдатыңызшы, сатып алайық» дейді. Мен ән сатпаймын деп айтамын. Әнімді өзіме ұнаған әншіге ғана беремін

— Қандай әншілер екенін айта аласыз ба?

— Жарыққа шығады, сол кезде кезде көреді ғой. Алдына ала айтып не керек. Ең бастысы жаңа әндер жетеді. Енді аманшлық болса бірнеше әнші орындап шығады.

— Жалпы қазір шығып жатқан әндерге көңіліз тола ма?

Қазіргі шығып жатқан композиторлардың әндеріне көңілім толмайды. Өйткені өте дарынсыз шығармалар. Ондай әндер кімге керек. Уақытша айтылар, көп болса клип түсірілер. Коммерциялық арналардан ақшасы біткенше айналдырып, елге көрсетер. Ол халыққа ұнамаса бәрібір айтпайды ғой. Бостан босқа ақшасы шығындалып, рәсуәсі шығып қалады. Халық өзіне ұнаған әнді ешкімнен сұрамайды. Өзінен өзі айтып кетеді. Қазір күні бойы шығып жатыр ғой әндер. Ондай әндерді күніне жүзін жазуға болады. Бірақ оның кімге керегі бар. Ән шыққанан кейін әбден пісу керек. Шынымды айтсам он жылдан аса жатқан әндерім бар. Ән шықты екен деп жарыққа шығара салған болмайды. Не көп, ән көп қазір. Бір Алматыда 40 студия болса, соның 35-інде отырған аранжировшиктер ән жазады да, сатып жатады. Қандай әншілер сондай әнді алады. Әншілерде де талғам жоқ. Талғам болса халық айтпайтын әндерді неге сатып алады. Бұрынғы кезде сын көп болатын. Худсоветтен өту қиын еді. Ақындар әр сөзіне үңіледі. Әні мен сөзі тең түспесе ақсап қалады. Құстың қос қанаты сияқты. Бір қанаты ән болса, бір қанаты әннің сөзі.

— Қазіргі қазақ әндерінің мәнері тым өзгеріп бара жатқан cияқты көрінбей ме сізге?

— Жоқ, стиль, мәнер деген заманға қарай екі жыл да бір, бес жылда бір өзгеріп отыртын нәрсе. Кейде аранжировакасы да жақсы, сөзі де, әні де жақсы әндерді теледидардан көресің, жарты жылдап еститсің. Тіпті сөзін жаттап аласың. Бірақ кейін сол әнді есіңе түсіре алмайсың. Халық түгілі музыкант адамдардың өздері есіне түсіре алмайды. Сондай әннің несі ән. Сол сияқты әндер қаптап кетті. Қазір бәрін аздырып жатқан арзан әндер. Оның көбін жазып отырған жаңағы студия да отырған аранжировка жасайтындар.

— Бұрындары Алтынбек Қоразбаевты әнімді ұрлады деп сотқа бердіңіз. Медеу аудандық соты дауды Алтынбек ағамыздың пайдасына шешті. Кейін қайтадан шағымдандыңыз ба?

— Ол ешқандайда Алтынбек Қоразбаевтің пайдасына шешілген жоқ. Алтекең өз кінәсін түсінді, ел-жұрттан да кешірім сұрады. Менен де кешірім сұрады. Жарайды, жасы үлкен аға ғой деп кешірдік. Пайғамбар жасынан асқанда өзі ел-жұртқа ұятқа қалды. Өз абройынан айрылды. Ешкімнің ештеңесі кеткен жоқ. Менің де ештеңем кеткен жоқ. Аға қойыңыз деп едім қоймады. Ең соңында жұртқа өзі қарабет болды. Енді ол жұмыс бабымен болған нәрсе ғой. Жұмыс бабымен не болмайды. Ұрсысады, таласады, ертеңінде құшақтасып бірге жүреді. Біз әрбір соттан шыққан күні, ертеңінде тойда құшақтасып, бірге жүрдік. Көрген жұрттың барлығы таң қалады.

Негізі Қазақстан композиторлар Одағы үлкен проблема жасады да, әндерді сараптамаға жіберді. Беларусияға, Ресейге жіберді. Үлкен-үлкен мемлекеттерден қорытындысы келді. Барлығында да Марат Ілиясовтан екінші автор ұрлаған деп шығарды. Енді қазір ақсақал ағамызды айтып не қыламыз. Ол жөнінде сөйлескім де келмейді. Одан не аброй табамын.

— Жалпы қазір елімізде ұрланып жатқан әндер көп пе, плагиаттықты жиі байқайсыз ба?

— Кейде телевизордан көріп қалам. Бір-екі әнді көрдім. Аранжировкасы да жасы әндері, сөздері де жақсы. Сонда өздерінің дауысына келетін жақсы, сапалы әндер шығып жатыр екен ғой деп қуанып қалғам. Жарты жыл өткен соң ютубтан тура сол клиптерді өзбектерден, азербайжандардан, сосын Арабия жақтың әншілерінің орындауында көрдім. Біздің клиптерді биыл көрсем, олардыкі 3-5 жыл бұрын шығып қойған. Әнін де, сөзін де, ең аяғы аранжировкасына дейін көшіріп алған. Біздің әншілер әні менікі, сөзі менікі, орындайтын мен деп айтып жүргендерін де көрдім.

— Аты-жөндерін айта аласыз ба?

— Атын айтпай-ақ қояйын. Оны айтсам елге жексұрын боласың. Қазіргі жас әншілер. Бір екі сұхбатымда айттым. Кейін олар өздерінің шығармашылық концерттерінде әні өзбек композиторынікі, сөзі бәленшенікі деп басқаша сайрап тұр.

— Елге белгілі, танымал әншілер ме?

— Иә, танымал әнші. Оны барлығы біледі. Басында өзімнің әйеліме, сүйікті жарыма, махаббатыма арнадым деп айтып жүрді. Отырып айтқан, сатыда тұрып айтқан клипі бар. Содан бірнеше айдан кейін шынайы авторларын айтып, шыға келді. Алдында әні де, сөзіде өзі болып жүрген. Ол мүмкін ешкім білмей қалады деп ойлаған болуы керек. Қазір интернеттің заманы ғой.Ол түгілі ағаларының да арты ашылып жатыр. Сондықтан плагиаттық қазір де бар.