Алтынсарин-Хромтау жаңа темір жолы бойынша жолаушы тасымалдайтын отарбалар жүре бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
8 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алтынсарин-Хромтау жаңа темір жолы бойынша жолаушы тасымалдайтын отарбалар жүре бастады

Алтынсарин-Хромтау жаңа темір жолы бойынша жолаушы тасымалдайтын отарбалар жүре бастады

Өткен демалыс күндері Алтынсарин-Хромтау жаңа темір жолы бойынша жолаушы тасымалдайтын отарбалар жүре бастады. Бұл Астана мен Ақтөбе арасында қатынайтын отарбалардың жолға жұмсайтын уақытын 10 сағатқа қысқартуға мүмкіндік береді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 13 Желтоқсан 2004
  • 773
Фото - Caravan.kz

9 вагоннан құралған жүрдек жолаушы поезы жол үстінде 26 сағат болады. Бұған дейін Астана мен Ақтөбе арасындағы отарба жолға 36 сағатты сарп етіп, отарба Ресей темір жолының транзитті учаскелерін басып өтуге байланысты жолаушылар шекаралық және кедендік тексеруден өтуге мәжбүр болатын.

Сонымен бірге Астана мен Ақтөбе арасындағы жолақы да арзандады. Ендігі жерде купелі вагондардың билеті 2500 теңге, ал плацкартты вагонмен жүру жолақысы 1576 теңге болды. Бұрын жолаушылар купелі вагонға бұдан екі есе артық баға төлесе, плацкартқа 3267 теңге төлейтін.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Алтынсарин-Хромтау бағытындағы темір жол құрылысы 4,5 жылға созылды. Жаңа темір жол желісін іске қосу салтанаты 2004-жылдың 30-қарашасында болды. Салтанатты рәсімге Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.

Перейти к новостям спорта