"Алуға болмайды деп жүргендердің өзінің пәтері бар": Нұрлан имам ипотекаға ақша салу күнә емес екенін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
0 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Алуға болмайды деп жүргендердің өзінің пәтері бар": Нұрлан имам ипотекаға ақша салу күнә емес екенін айтты

"Алуға болмайды деп жүргендердің өзінің пәтері бар": Нұрлан имам ипотекаға ақша салу күнә емес екенін айтты

Әлеуметтік желіде танымалдыққа ие болған Нұрлан ұстаз ипотекаға ақша салу күнә емес екенін айтты.

  • 18 Желтоқсан 2022
  • 790
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол тікелей эфир кезінің бірінде айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Әлеуметтік желіде Нұрлан Имамға ипотекаға ақша салу харам ба деген оқырманы сұрақ қойды. Оған Нұрлан имам былай деп жауап берді:

"Күнә емес. Қаңғып, қаңғып біттік. Өз елімізде біреуге телмірген ел болдық. Оның да уақыты өтті. Алуға болмайды деп жүргендердің өзінің пәтері бар. Өмір бойы ақша жинап, өмір бойы біреуді байыта береміз бе? Әр нәрсе өз жөнімен болуы керек", — деп жауап берді Нұрлан имам.