Альварес Головкинмен қарымта жекпе-жек өткізуге бекініп отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 489.3
  • 578.94
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Альварес Головкинмен қарымта жекпе-жек өткізуге бекініп отыр

Альварес Головкинмен қарымта жекпе-жек өткізуге бекініп отыр

Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес 2018 жылдың мамырында Головкинге қарсы реванш өткізуге бекінгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sports.kz.

  • 27 Қыркүйек 2017
  • 586
Фото - Caravan.kz

Univision.com сайтында Альварестің «Мен қазір реванштан (Головкинге қарсы) басқа жекпе-жек өткізуді қаламаймын. Бұл жекпе-жек 2018 жылғы менің алғашқы жекпе-жегім болуын қалаймын, оны ұйымдастыруға тырысып бағамыз. Айқас нәтижесіне таң қалдым, өйткені тең түсуді қаламаған едім. Мен жеңдім деп ойлаған едім. Бірақ бұл бокс», — деген сөзі жарияланған. Боксшының сөзіне қарағанда, реванш туралы ойлануға бірінші жекпе-жек өте жақсы шыққанын айтқан досы себеп болған. Бұдан соң Сауль адамдардың рематч көруді қалайтынын түсінген. GGG — Альварес рематчы келер жылдың 5 мамырында өтуі мүмкін.