"Альянс банк" АҚ акцияларының мемлекеттік қоржыны 124 млн. теңгеге сатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.74
  • 599.36
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
10 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Альянс банк" АҚ акцияларының мемлекеттік қоржыны 124 млн. теңгеге сатылды

"Альянс банк" АҚ акцияларының мемлекеттік қоржыны 124 млн. теңгеге сатылды

Өткен аптаның соңғы жұмыс күні - 15 -желтоқсанда Қазақстан қор биржасында "Альянс банк" АҚ акцияларының мемлекеттік қоржынын сату шарасы банк акциясының бір данасын 9,6 мың теңгеге немесе қазіргі биржа құны бойынша 73,83 долларға сатумен аяқталды. Бағалы қағаздардың жалпы құны 124 млн. 368 мың теңгені (956 мың $) құрады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қазақстан қор биржасының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 20 Желтоқсан 2004
  • 409
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, «Альянс банк» АҚ акцияларының мемлекеттік қоржынын сату жөніндегі бастаманы ҚР қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті көтерген. «Альянс банк» АҚ-ның жарғылық капиталындағы мемлекеттік акциялар қоржыны банктің жарияланған жарғылық капиталының 1,85 процентін, немесе, 12955 акцияны құрайды. Бік акцияның номиналы 10 мың теңгеден.

Тоғыз күнге созылған сауда-саттық барысында сатушы бір акцияның бағасын 13 мың теңгеден 9,6 мың теңгеге дейін арзандатты.
Қор биржасында жүзеге асырылған барлық сауда-саттық бойынша бір акцияның орташа құны 8 651,08 теңгені құрады.
«Альянс банк» АҚ акцияларын сатып алушыны Қазақстан қор биржасы атамай отыр.

Перейти к новостям спорта