«»Альянс банк» АҚ-ның жарғылық капиталындағы мемлекеттік акциялар қоржыны банктің жарияланған жарғылық капиталының 1,85 процентін, немесе, 12955 акцияны құрайды»,- делінген KZ-today тілшісіне мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінен келтірілген түсініктемеде. Мемлекеттік акциялар қоржыны толық көлемде саудаға шығарылады. Бір құнды қағаздың бағасы 10 мың теңгеге тең.
Қазақстан қор биржасының ақпаратына сәйкес, 2004-жылдың 25-қарашадағы жағдаймен «Альянс банк» АҚ-ның жарғылық капиталы 7 млрд. теңгені құрайды.