Альянс банкі 3 млрд. теңгенің облигацияларын саудаға шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 519.26
  • 602.13
+23 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Альянс банкі 3 млрд. теңгенің облигацияларын  саудаға шығарды

Альянс банкі 3 млрд. теңгенің облигацияларын саудаға шығарды

ҚР Ұлттық банкі "Альянс банк" ААҚ-ның құны 3 млрд. теңгені құрайтын алғашқы шығарылған облигациялар пакетін саудаға шығару қорытындысы туралы есепті бекітті,- деп хабарлайды коммерциялық банктің баспасөз қызметі.

  • 30 Маусым 2003
  • 456
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2002-жылдың 23-желтоқсанында ҚР Ұлттық банкі Альянс банктің облигация шығарғандығын тіркеген болатын. Соған сәйкес номиналдық құны 1 теңгені құрайтын , қаржымен қамтамасыз етілмеген 3 млрд. теңгенің атаулы купондық облигациялары қаржы рыногіне шығарылды.

25-маусымдағы жағдаймен «Альянс банк» ААҚ-ның активтері 33 млрд. теңгені, банктің жеке капиталы 2,7 млрд. теңгені құрады.