«Альянс банктің» экс-қызметкерлері ұрлаған қаржыларын қайтаруда - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Альянс банктің» экс-қызметкерлері ұрлаған қаржыларын қайтаруда

«Альянс банктің» экс-қызметкерлері ұрлаған қаржыларын қайтаруда

«Альянс банктің» бұрынғы қызметкерлері ұрлаған  қаржыларын  қайтаруда. Банкирлер жұрттың ақшасын өз қолдарымен әкеліп беріп жатыр екен.

  • 6 Тамыз 2015
  • 271
Фото - Caravan.kz

Бас прокуратураның баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған банктің бұрынғы қызыметкерлеріне қатысты ақша жымқырды, алаяқтық жасады, банк қаржысын заңсыз пайдаланды деген деректер бойынша бірнеше қылмыстық іс тергелуде. Бірақ олардың аттары аталмайды. Жалпы, бұл тұрғыда толығырақ ақпарат алу мүмкін болмай тұр. Құзырлы орган болса, істің әлі тергеліп болмағанын алға тартады. Айта кетсек, Бас прокуратура «Альянстың» бұрынғы басшысы Жомарт Ертаевтың да күдікті деп танылғанын хабарлаған еді. Бірақ кейін оған қатысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпарат құзырлы органның ресми сайтынан алынып тасталды. Ал Ертаевтың өзінің қазір қайда екені белгісіз.  

Соңғы жаңалықтар