Бұл туралы ол Тимур Балымбетовке берген сұхбатында айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
”90-шы жылдары қазақ салт-дәстүрлерін қалпына келтіре бастады. Оны кім қалпына келтіре бастады? Әдетте ол 60 жасар ақсақалдар. Олар ашаршыдықтан кейін өмірге келіп, қазақтың салт-дәстүрін көрмегендер. Олар Кеңес мектептерінде тәрбиеленді. Олар кеңестік идеологиясымен өмір сүрді. Тілге шеберлер толықтай коммунист болды. Олар салт-дәстүрді қалай қалпына келтіреді? Бізді кеңес үкіметі немен қаралады? Бұлар соны қалпына келтірді. Азаматтық соғыс кезінде бірінші кезде әйелдер жапа шекті. Оларды алып қашты, зорлады, оларға күштеп үйленді. Алып қашуды азияттықтар мен кавказ халқының дәстүрі қылып қойды. Фильмдер мен романдарда оны біздің дәстүріміз етіп қойды. 19 ғасырдың кітабын оқысаң, алып қашсаң сені өлтіретіні жазылған. Сенің бүкіл руыңды құртып кететін. Алып қашу бұл 20 ғасырдың жемісіне айналды”, — деді мәдениеттанушы.