Алыпсатарлар футболдан ақша табуда - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алыпсатарлар футболдан ақша табуда

Алыпсатарлар футболдан ақша табуда

Ертең Алматыда «Қайрат» пен франциялық «Бордо» клубтары арасында өтетін футбол матчына билет жоқ. Үш күннен бері билет таппай сенделген жанкүйерлер оны бағасын 3-4 есе қымбат бағасына алуға мәжбүр. Өйткені, елімізде еурокубок додаларының дүбірі артқан сайын заңсыз алыпсатарлардың да саудасы қыза бастаған. Кассалар бірнеше күннен бері жабық тұр. Есесіне, уыс-уыс билет ұстаған делдалдар касса маңында қаптап жүр.

  • 27 Тамыз 2015
  • 266
Фото - Caravan.kz

Әдетте ішкі чемпионаттағы ойындарға адам жинала қоймайтын Алматының Орталық стадионына халықаралық матчтар кезінде жанкүйер толып кететіні бар. Мұндай мүмкіндікті құр жібергісі келмейтін алыпсатарлар да осы кезде қаптап шыға келеді.

— Жаңбыр жаумайды. Интернетті қара. Осадка болмайды деп жазып қойған. 45-тен бар, золотой квадрат, 6 мың теңгеден. И оннан бар, екіден бар, үштен бар. Бұлар 5 мың теңгеден.

Орталық стадион маңын қаумалаған жүздеген жанкүйер билет таппай сенделіп жүр. Көбісі қалтасы жұқа студенттер. Бағасы бірнеше есе қымбат билетті алыпсатарлардан сатып алғысы жоқ. Ал кассаға келсе, бірнеше күннен бері жабық тұр.

Неше күннен бері Орталық стадион маңында тайраңдап жүрген алыпсатарларға тиісті орындардың неге шара қолданбайтыны түсініксіз. Олардың ерсі қылығы «Қайраттың» нағыз жанкүйерлерін әбден ашындырып отыр.

Мирас Мырзабеков, жанкүйер:

— 500-ге сатқан билетті үстіне 800, 400 теңге қоссаңыздар болады ғой. Ал 2000-ға дейін беспредел,.. мынадай студенттер, оқудың кезеңі. Ертең біз группаға өтсек не жағдай болады бұл жақта вообще, қырғын шайқас болады

Бұл заңсыздыққа қатысты тиісті орындар ешқандай әрекет етпей келген. 3-4 күннен бері қаланың қақ ортасындағы алыпсатарлардың әрекетіне қатысты енді ғана тексеру жүргізбек. Онда да прокуратураның рұқсатын күтіп отыр.


Еділ Әзімшайықов, Алматы қаласы мемлекеттік кіріс департаменті басқарма басшысы:

—  Қазіргі уақытта прокуратура органдарына тіркеуге жіберілді. Оны ертеңгі күнге дейін тіркеп үлгерген жағдайда, тексеру жүргізетін боламыз. Жеке тұлғалар бұл бағыитта өздерінің пайда табу мақсатында бірқатар әрекеттер жасаған болуы керек. Бұны да анықтай жатамыз. 

Ал билеттерді сатумен айналысатын «Қайрат» футбол клубының басшылығы бұл былық жайлы хабардар. Алайда, жолын кесудің амалын таппай отырғанын айтады. Айналып келгенде, «Қайраттың» мыңдаған жанкүйері алыпсатардың қолына қараудан басқа амал қалмай отыр.

 

Соңғы жаңалықтар