Түндегі жер сілкінісіне алаңдаған ол, Алматыдағы ағайынға қатты уайымдап отырғанын жасырмады. Сондай-ақ Жазира Байырбекова да Меккеден елге қайтқысы келетінін айтқан, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Әншінің сөзінше, жер сілкінісі жайлы ести сала, ол туыстарына хабарласқан.
"Елдегі болып жатқан жер сілкінісінен хабардармыз. Жан-жақпен, жақындармен сөйлесудеміз. Алыста отырып, үрей басты, ұйқымыз қашты. Алла жар болсын! Елімізде тыныштық болсын! Дұғадамыз!" деп жазды ол.
Мекке мен Мединада қажылық сапармен жүрген Жазира Байырбекова да, жер сілкінісі жайлы естіп, елге қайтқысы келгенін хабарлады.
"Бала-шағамыз Алматыда біз Мекке, Медина қаласында жүргенімізде "Алматыда жер сілкінді,үйдегілер далада суықта жүр" дегенді естіп елге қайтқым келіп кетті. Аллам,жақындарымыз аман, есен болсыншы. Жер сілкінгенін сезгендеріңіз бар ма?" деп жазды ол.