«Әл-Жазира» америкалықтарға «нағыз жаңалықтың» қандай болатынын көрсетуге уәде берді - kaz.caravan.kz
  • $ 541.93
  • 636.71
+37 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Әл-Жазира» америкалықтарға «нағыз жаңалықтың» қандай болатынын көрсетуге уәде берді

«Әл-Жазира» америкалықтарға «нағыз жаңалықтың» қандай болатынын көрсетуге уәде берді

«Әл-Жазира» телекомпаниясының жаңа арнасы америкалықтарға «нағыз жаңалықты» көрсетуге уәде етті. Muslim.kz сайтының жазуынша, жаңа арна өз жұмысын өзге америкалық телеарналардың атына сын айтудан бастады.

  • 23 Тамыз 2013
  • 402
Фото - Caravan.kz

Онда Американың қатардағы қарапайым азаматтары бүгінгі теледидардың шынайылығына көңілдері толмайтынын жеткізген. Олардың арыз-шағымы мен талап-тілегіне жауап қатқан тележүргізуші «Америка әл-Жазирасы» арнасының «нағыз жаңалықты» эфирден беретіндеріне сендірді.

Өз күш-жігері мен шығармашылық қабілетіне нық сенімді жаңа құрам CNN және Fox News секілді алыптармен бәсекелесуге дайын екендіктерін мәлімдеді. Катарда орналасқан «әл-Жазира» телекомпаниясы 1996 жылы құрылған болатын.

Аталмыш агенттік әлем халқына танылып үлгерсе де, Усама бен Ладенді сөйлетіп, эфирге шығарғаны үшін АҚШ жұрты оған қырын қарайды.