Амангелді газконденсаты кенішінде өнеркәсіптік-тәжірибелік пайдалану кезеңі аяқталды - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Амангелді газконденсаты кенішінде өнеркәсіптік-тәжірибелік пайдалану кезеңі аяқталды

Амангелді газконденсаты кенішінде өнеркәсіптік-тәжірибелік пайдалану кезеңі аяқталды

Соңғы 17-ші ұңғыны пайдалануға беру нәтижесінде Амангелді газконденсаты кенішінде өнеркәсіптік-тәжірибелік пайдалану кезеңі аяқталды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "Амангелдігаз" ЖАҚ бас директорының орынбасары Шакизада Ыбырайым хабарлады.

  • 19 Сәуiр 2005
  • 482
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, 2005-жылғы наурыз айының аяғында пайдалануға берілген №117 ұңғының өнімділік көрсеткіші тәулігіне 30-35 мың текше метр газға тең. Бұған дейін бұзылып, 13-сәуірде қайтадан қалпына келтірілген 2Г ұңғысы тәулігіне 80 мың текше метр газ шығаруда.

Ш.Ыбырайымның айтуынша, қазіргі жағдаймен кеніште тәулігіне 920 мың текше метр газ бен 90-95 тонна газ конденсаты өндірілуде. 2004-жылы Амангелді газконденсаты кенішінде 187,6 млн. текше метр газ бен 19,6 мың тонна конденсат өндірілді. Биыл 305 млн. текше метр газ бен 28,2 мың тонна конденсат өндіру көзделіп отыр.

Перейти к новостям спорта