Амантай Дәндіғұловтың «Шыңғыс хан ұрпақтары Макивеллидің көзімен» атты кітабы таныстырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Амантай Дәндіғұловтың «Шыңғыс хан ұрпақтары Макивеллидің көзімен» атты кітабы таныстырылды

Амантай Дәндіғұловтың «Шыңғыс хан ұрпақтары Макивеллидің көзімен» атты кітабы таныстырылды

Бүгін Алматыда журналист, жазушы Амантай Дәндіғұловтың «Шыңғыс ханның ұрпақтары Макиавеллидің көзімен» атты екі томдық кітабының таныстырылымы болды.

  • 15 Сәуiр 2011
  • 464
Фото - Caravan.kz

Кітапта автор қазіргі қазақстандық қоғамның рухы, мәдениеті жайлы сөз қозғайды. Тазаруға, жаңаруға, бірігуге, қоғамды жаманшылықтан арылтуға жол іздейді. Кітап полемика жанрында жазылған.

Ресейлік «Московские новости» газетінің саяси шолушысы Аркадий Дубновтың айтуынша, кітап авторы Қазақстанның тәуелсіздік жылдары жүріп өткен жолына терең үңілуге тырысқан. «Ол қоғамдағы жағдайға қарап, қайда барамыз, не істелді, енді не істеу керек деген сұрақтар қояды»,-дейді А.Дубнов.

Кітап Ресейлік «Новая газетаның» кітапханасы сериясы бойынша шығарылған.

«Новая газета» АҚ бас директорының орынбасары Валерий Ширяевтің айтуынша, Амантай Дәндіғұлов бұл сериямен эсселері мен мақалаларын басып шығаруға талпынған бірінші шетелдік автор. «Материалдарды редакция өте мұқият таңдайды, кездейсоқ адамдар басылып шықпайды. Бұған дейін бұл серия бойынша Юрий Щекочихин, Ирина Хакамада, Михаил Касьянов пен Борис Немцовтың кітаптары жарық көрді.

А.Дәндіғұлов бұған дейін ҚР журналистер одағы сыйлығының «Саяси шолу» аталым жүлдесіне ие болған. «Новая газета Қазақстан» газетінің бас редакторы. Биылғы жылы оның Тәуке хан хандық құрған кезеңі туралы көркем повесті жарыққа шығады.

Перейти к новостям спорта