Амантай қажы Асылбек президенттіктен үміткер ретінде өз атын ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Амантай қажы Асылбек президенттіктен үміткер ретінде  өз атын ұсынды

Амантай қажы Асылбек президенттіктен үміткер ретінде өз атын ұсынды

Амантай қажы Асылбек президенттіктен үміткер ретінде екінші мәрте өз атын ұсынды. Бүгін, 16 қыркүйекте Амантай қажы Хантемірұлы Асылбек Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат ретінде ат ұсынатыны туралы өтініш берді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі ҚР Орталық сайлау комиссиясының хабарламасына сілтеме жасап.

  • 16 Қыркүйек 2005
  • 567
Фото - Caravan.kz



63 жастағы Амантай қажы Асылбек «Аттан-Қазақстан» ядролық қаруға қарсы майдан және бүкілқазақстандық Бейбітшілік маршының жетекшісі. Ол «Семей-Невада» қозғалысын ұйымдастырушылардың бірі болып табылады.
Амантай қажы 1998-жылдың қазан айында Қазақстан президенттігінен үміткер ретінде өз атын ұсынған. Алайда, Жаңатас және Кентау қаласы тұрғындарын қорғау мақсатындағы рұқсат берілмеген митингіге қатысып, әкімшілік құқықты бұзғаны үшін оны үміткер ретінде тіркеуден бас тартылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта