Әмбебап жол полициясы қызметкерін жасау эксперименті сәтті өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әмбебап жол полициясы қызметкерін жасау эксперименті сәтті өтті

Әмбебап жол полициясы қызметкерін жасау эксперименті сәтті өтті

АСТАНА. 7 қыркүйек. Kazakhstan Today. Қарағандыда әмбебап жол полициясын жасау эксперименті сәтті өтті, енді оны республиканың өзге қалаларында енгізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

  • 7 Қыркүйек 2006
  • 546
Фото - Caravan.kz

«Мен кеше министрге қол жеткен оң нәтижелер туралы баяндадым»,-деді Астанада өткен баспасөз мәслихатында жол полициясы департаментінің бастығы Өмірзақ Түсімов. «Біз Қарағандыда жол апатын азайттық , енді 1 қазаннан бастап осындай сынақты Ақтөбе, Петропавл, Қостанай және Өскеменде жүргізуді ұйғарып отырмыз, дейді департамент бастығы.

Ө.Түсімовтың айтуынша, сынақ бір ай көлемінде жүргізілген. Басты мақсат жол жүру ережелерін бұзғандарды анықтаумен қатар, полиция қызметкерлері жолдағы тығынды жоюлары керек еді, қоғамдық тәртіпті қадағалап, жапа шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетулері тиіс болатын. «Сақшылар кез келген жағдайда шара қолдануға әзір болуы керек»,- деп атап өтті Ө. Түсімов.

Осыған дейін хабарланғандай, әмбебап полиция қызметкерлері қатарына бойы ұзын(175 см төмен болмауы тиіс), міндетті түрде шымыр, білімді жігіттер сұрыпталып алынған. Ниет білдірген 140 полицейдің арасынан 75 адам қабылданды. Олар үш кезек бойынша, күні түні күзетке шықты.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта