Жарияланды: 380

Америка ғалымдары шимпанзеде әділдік сезімі барын тапқан

АҚШ-тың Джорджия штатының ғалымдары адамның ең жақын туысы болып саналатын шимпанзе туғаннан әділдік сезіміне ие деген тұжырым жасады.

Би-би-си телерадио корпорациясының бүгін мәлімдегеніндей, зерттеушілер екі шимпанзе бір бананды бөліп жеу керек ойын кезінде бірі екеншісіне бананды тең бөліп беретінін байқаған. Ғалымдардың пікірі бойынша, эксперимент әділдік сезімі адами қасиет секілді эволюциялық жолмен туындағанын дәлелдейді. Шимпанзелер топ болып өмір сүреді, олар бірге аң аулап, ұрпақ өсіру міндетін бірге бөліседі.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін