Америка жұртшылығының Қазақстанға деген қызығушылығы артып келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Америка жұртшылығының Қазақстанға деген қызығушылығы артып келеді

Америка жұртшылығының Қазақстанға деген қызығушылығы артып келеді

Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығы және ҚР мен АҚШ арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнауының 20 жылдығы қарсаңында американ жұртшылығының біздің елімізге деген қызығушылығы артып келеді.

  • 22 Маусым 2011
  • 426
Фото - Caravan.kz

Қазақстан елшігінің хабарлауынша, 19 маусым күні PBS, American Life TV network радио-және телеарналарында Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Ерлан Ыдырысовтың қатысуымен танымал жүргізуші Денис Хоулидің «This is America» бағдарламасы көрсетілді. Аталмыш бағдарлама АҚШ-тың саяси элитасы мен іскер азаматтарының арасында кеңінен танымал. Бұл бағдарламаға БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун, АҚШ вице-президенті Дж.Байден, экс-президент Дж.Картер, бұрынғы мемлекеттік хатшылары Х. Киссинджер мен М. Олбрайт және тағы басқа да танымал тұлғалар қатысқан.

Кезекті ток-шоуға тақырып болып отырған Қазақстан, американдықтардың айтуынша, белсенді сыртқы саясат пен сәтті экономикалық стратегияның арқасында халықаралық сахнада жақсы көзге түсіп келеді. Д.Хоули мысал ретінде үстіміздегі жылдың 1 мамырында «Вашингтон Пост» газетінде жарияланған «Қазақстан Жібек жолын дамытуға үмітті» деген мақаланы оқып берді. Осы контексте Ерлан Ыдырысов өркениеттер мен әлемнің ірі нарықтарының арасын байланыстырушы көпір ретіндегі Қазақстанның әлеуеті туралы әңгімеледі, елдегі жайлы инвестициялық ахуалмен таныстырды.

Елші сондай-ақ Қазақстанның сындарлы сыртқы саясаты туралы әңгімелеп, оның басымдықтарына тоқталып өтті. Американ көрермендері Қазақстанның халықаралық және аймақтық қауіпсіздікті нығайтуға қосып отырған үлесі туралы хабардар болды. Осы тұрғыдан, тележүргізуші ядролық қарудан бас тарту туралы Қазақстанның тарихи шешіміне жоғары баға берді.

Бұл бағдарлама апта бойы PBS, American Life TV network телеарналары арқылы АҚШ пен Канаданың 400 қаласында, сондай-ақ Voice of America Television телеарнасы арқылы әлемнің 160 елінде трансляцияланады.

Соңғы жаңалықтар