Америкада колледж аумағында болған атыс кезінде екі адам құрбан болды - kaz.caravan.kz
  • $ 510.81
  • 578.59
+16 °C
Алматы
2025 Жыл
1 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Америкада колледж аумағында болған атыс кезінде екі адам құрбан болды

Америкада колледж аумағында болған атыс кезінде екі адам құрбан болды

Американың Кентукки штатындағы Хазард қаласында технологиялық колледж аумағына белгісіз біреулер кіріп оқ жаудырған. Соның салдарынан екі адам қайтыс болып, бір жасөспірім жараланды, деп АР агенттігі хабарлады.

  • 16 Қаңтар 2013
  • 380
Фото - Caravan.kz

Қала полициясы кісі өлімі орын алғанын растады. Жарақат алған жеткіншек ауруханаға жеткізілді. Әзірге оқиғаның мән-жайы жария етілмей отыр.

АҚШ-та атыс қаруын еркін сатуды шектейтін заң жобасы қарастырылуда. Оған 2012 жылы желтоқсанда Коннектикут штатында 20 оқушы мен алты ересек адамның оққа ұшуы себеп болды.