Америкада студенттерді қырып салған қанішер қылмысқа не үшін барғанын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Америкада студенттерді қырып салған қанішер қылмысқа не үшін барғанын айтты

Америкада студенттерді қырып салған қанішер қылмысқа не үшін барғанын айтты

АҚШ-та колледжге басып кірген азамат 9 адамды атып өлтіріп, жетеуін ауыр жаралады! Оқу орнында ойран салған қылмыскер мұндай әрекетке телеарналарға түсіп, танымал болу үшін барған деседі.

  • 3 Қазан 2015
  • 382
Фото - Caravan.kz

Оқиға Орегон штатында болды. Қолына қару ұстаған қанішер сыныпқа баса-көктеп кіріп, тапаншадан оңды-солды оқ жаудыра бастаған. Салдарынан бүлікшінің өзін қосқанда 10 адам қаза тапты. Оны оқиға орнына келген полицейлер  қарсылық білдіргеннен кейін атып өлтірген. Әлеуметтік желідегі жазбасына қарағанда, 26 жастағы Крис Харпер Мерсер «атың шықпаса, жер өртенің» керін келтіріпті. Яғни осы әрекеті арқылы танымал болғысы келген тәрізді. Жазбасында соған меңзеген. Десе де, студенттердің айтуынша, Крис оқ атпас бұрын олардың дінін сұрапты. Ал өлгендердің барлығы христиандықты ұстанған екен.               

Соңғы жаңалықтар