17-21 қыркүйек күндері Алматыда өтетін VIII «Еуразия» Халықаралық кинофестиваліне мейман боп келген американдық актер Деннис Хейсберг кеше Алматыда өткен баспасөз мәслихатында осылай айтты.
Американдық еврей Сэм Бәсил түсірген «Мұсылманның пәктігі» фильмінде Мұхаммед Пайғамбардың бейнесі көріксіз көрсетілуіне орай қазір көптеген мұсылман елдерінде АҚШ-қа қарсы наразылық-шерулері өтіп жатыр. Бұл оқиғаларға қатысты өз пайымдауымен бөліскен Д.Хейсбрг аталмыш киноны өзі көрмегенін, дегенмен оның келтірген зардабымен CNN телеарнасының репортаждарынан таныс екенін жеткізді. «Бұл қақтығыс кезінде көз жұмған адамдардың өміріне қатты қайғырамын. Олар фильмге еш қатысы жоқ мұсылман елдері мен АҚШ азаматтары. Сондықтан «Еуразия» кинофестивалі алаңының мәдениетті біріктіретіне үлкен үміт артамын. Бәрі бұлай жалғаса беруі мүмкін емес.