Америкалық актриса Кэмерон Диаз Астанаға келді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Америкалық актриса Кэмерон Диаз Астанаға келді

Америкалық актриса Кэмерон Диаз Астанаға келді

Американың әйгілі актрисасы Кэмерон Диаз кеше кешкісін Астанаға келді.

  • 15 Шiлде 2011
  • 515
Фото - Caravan.kz


«Қазақстанда менің жанкүйерлерім өте көп. Бүгін мені көшеде тіпті кішкентай балалар танып жатыр. Мен жалпы елдерді аралғандағы бір мақсатым: әлемнің барлық елдерінің ұлттық жеңсік астарынан дәм татқым келеді. Вегетариандарды мүлде түсінбейтінмін. Кеше кешкі асқа жылқы еті тартылды. Ол Моңғолияда жеп көрген астан да дәмді болды», — деп актриса «Экспресс К» газетінде бүгін жарияланған сұхбатында атап көрсеткен.
Ол түнге қарай ағылшын тіліндегі сурдоаудармемен «Қыз Жібек» фильмін көріп, көз жасына ерік бергенін айтады. «Кинобосстарды Қазақстанның ресми промо бағытына енгізбейтіні өкінішті. Бұл жердің саф ауасы қандай», — деп К.Диаз тамсанысын білдірді.
Сонымен қатар, актриса Қазақстанда өзіне серік табудан да дәмелі екенін жоққа шығармады.
«Джастин (Тимберлейк — ИФ-Қ) өте әсершіл және ес тоқтатқан жігіт. Бірақ маған мені жан-тәнімен сүйетін, өз өмірімнің қалғанын сеніп тапсыра алатын адам қажет. Мүмкін мұндай ер жігіт Қазақстаннан табылып қалар?» — дейді ол.

Соңғы жаңалықтар