Америкалық БАҚ: Шоу әлі басталған жоқ, ал Димаш Құдайберген фанаттардың фаворитіне айналып үлгерді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Америкалық БАҚ: Шоу әлі басталған жоқ, ал Димаш Құдайберген фанаттардың фаворитіне айналып үлгерді

Америкалық БАҚ: Шоу әлі басталған жоқ, ал Димаш Құдайберген фанаттардың фаворитіне айналып үлгерді

Америкалық БАҚ: Шоу әлі басталған жоқ, ал Димаш Құдайберген фанаттардың фаворитіне айналып үлгерді.

  • 17 Қаңтар 2019
  • 19
Фото - Caravan.kz

The World’s Best яғни “Әлем үздігі” шоуы 3 ақпан күні көрерменге жол тартады. Америкада өтетін бұл байқауға Димаш Құдайберген қатысуға ниеттеніп отыр. Бір қызығы, шоудың басталуына әлі 1 айға жуық уақыт болса да, фанаттар өз фаворитін тауып үлгерген. Ол – қазақстандық Димаш Құдайберген. Америкалық Meaww.com сайты жерлесімізге дәл осылай баға берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

“Димаш Құдайберген – танымал қазақстандық әнші. 24 жастағы өнер иесі жастай сахнаға шыққан, оның фанаттар армиясы өте көп. Бала кезінде ол пианинода ойнап, әртүрлі байқауларда өнер көрсеткен. Сондай-ақ, ол 2015 жылы Беларусь елінің Витебск қаласында өткен “Славян базары” байқауының гран-при иегері”, – деп жазған басылым Димаш жайлы.

“Фанаттар Димашты шоудың тизерінен көрген соң-ақ толқи бастады. Шоудың басталар күнін тағатсыздана күтіп жүргендерін айтты”, – дейді басылым алда болатын байқау туралы.

БАҚ-та жарияланған мақалада көптеген фанаттардың Димаштың бұл жобада жеңіске лайық көріп отырғаны атап өтілген.


“Құдайбергеновтің фанаттары оған жеңіс алып келе ме? Әрине, олар қолдан келгеннің бәрін жасайды. Олардың сөзіне сенсек, Димаш өзін әлдеқашан дәлелдеген. Ол өте танымал әрі тыңдармандары көп. Оған бұл жобаның не үшін қажет екені де ойландырады. Себебі ол Қазақстанда да, одан тыс аумақта да өте танымал. Дегенмен өзінің аудиториясын кеңейткісі келетін шығар. Қанша дегенмен, бұл әлемдік жоба”, – деп жазған америкалық сайт.

Айта кетейік, “Әлем үздігі” байқауы 3 ақпан күні эфирге шығады. Шоу 10 кезеңге жалғасады деп күтілуде. 

Соңғы жаңалықтар