Жарияланды: 230

Америкалық бюджет бойынша келіссөздер тығырыққа тірелді

Өкілдер палатасында басым дауысқа ие республикалықтар жұмаға қараған түні аяқ асты заң жобасы бойынша дауыс беруді кейінге қалдырды, ол заң жобасында 1-қаңтардан бастап жылына 1 млн доллардан аз алатын бүкіл америкалықтар үшін салық жеңілдіктерін сақтау көзделген болатын.

"Өкілдер палатасы бүгін салық жөніндегі заң жобасын қарамады, өйткені ол мүшелердің лайықты қолдауына ие болмай отыр", делінген палата спикері Джон Бейнердің мәлімдемесінде. Дауыс берудің кейінге қалдырылғандығы туралы хабар таралған соң америкалық қор индекстерінің фьючерстері күрт төмендеді, оның ішінде Dow Jones Industrial Average фьючерстері алғашқы жарты сағатта 1,5% жоғалтты, S&P 500 - 1,4%, деп хабарлауда MarketWatch. Дауыс берудің кейінге қалдырылуы республикалықтар арасында келісімнің жоқ екендігін көрсетіп отыр және ол Д.Бейнердің де беделіне нұқсан келтіруде. Конгресмендер рождестволық каникулға тарады және келіссөздерді мерекеден кейін жалғастырмақ. Ақ үйден мәлімдеп өткендей, президент Конгреспен арадағы келіссөздерді жалғастырмақ ниетте.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін