2012 жылдың ең үздік фильмі деп табылған картиналарының тізімі аталмыш ұйымның сайтында жарияланды.
Басты рөлін сомдаған және фильм режиссері Бен Аффлектің драмасы қазан айында прокатқа шығып, 160 миллион доллар жинапты.
Ал екінші орынға Бен Зайтлиннің «Звери дикого юга» фильмі жайғасты. Фильм «Сандэнс» жеңіп алып, Канн кинофестивалінде үздік еркек рөлі үшін алтын кинокамера ұтқан. Ал Лондон кинофестивалінде әділқазылар алқасы фильмді жылдың үздік дебюті деп атады.
Құрметті үштікті Бэтманның жаңадан шыққан «Темный рыцарь: Возрождение легенды» картинасы жабады. АҚШ кинопрокатын бірнеше апта бойы биік шыңға шығарған Кристофер Ноланның фильмі кинематограф саласында тарихта бұрын-соңды болып көрмеген миллиард доллардан аса қаржы жинаған 12-ші картина болды.