Жарияланды: 440

Америкалық суретші Қытай алаңын "көпіршітіп" жіберді

Қытайда көпіршіктер шоуы өтті. Керемет әдемі шоуды Шанхайда белгілі америкалық суретші Ян мырза қойып берді.

Бұл оның шілде айында өтетін негізгі шоуының алдындағы дайындығы екен. Осы күндерге дейін 17 әлемдік рекордтың иесі атанған ол жазда тағы бір жетістікке қол жеткізбекші. Шілденің 24 күні Ян Шанхай орталығында 150 адам сыйып кететін  орасан зор көпіршік үрлемекші. Мұндайды әлі ешкім жасамаған көрінеді. Бұл бағытта суретші бірнеше рет тәжірибе жасап көрген екен. Әзірге көпіршікке сыйған адамдардың саны 20-дан аспапты. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін