Бұл оның шілде айында өтетін негізгі шоуының алдындағы дайындығы екен. Осы күндерге дейін 17 әлемдік рекордтың иесі атанған ол жазда тағы бір жетістікке қол жеткізбекші. Шілденің 24 күні Ян Шанхай орталығында 150 адам сыйып кететін орасан зор көпіршік үрлемекші. Мұндайды әлі ешкім жасамаған көрінеді. Бұл бағытта суретші бірнеше рет тәжірибе жасап көрген екен. Әзірге көпіршікке сыйған адамдардың саны 20-дан аспапты.