Америкалық жігіт Қазақстандағы ата-анасын іздейді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Америкалық жігіт Қазақстандағы ата-анасын іздейді

Америкалық жігіт Қазақстандағы ата-анасын іздейді

Paul (Сардар) Babcock есімді америкалық жігіт Қазақстандағы ата-анасын іздейді.

  • 27 Шiлде 2020
  • 44
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Paul Babcock-ті кезінде америкалық отбасы Қазақстаннан асырып алыпты. Бұл туралы ол Facebook-тегі Kazakh American Assosiation тобында жазды.

"Мен топқа жаңа қосылдым. Жаңа ғана Талғатпен (Тайлером) сөйлестім. Ол маған ата-анамды табу үшін осы топты пайдалануға кеңес берді. 2000 жылы мені Қазақстандағы Тараз қаласында америкалық отбасы асырап алды. Ол кезде бала едім. Мен 1999 жылы қыркүйекте дүниеге келдім. Маған ата-анамды тауып беруге көмектесіңіздерші! Менде бірнеше деректер бар, қайсынан бастарын білмеймін…

Менің (асырып алғанға дейінгі — автор) есімім — Сардар Бекнұрұлы Баймаханов, анамның есімі — Эльмира Қалмаханбетқызы, әкемнің есімі — Бекнұр Баймаханов", —
деп жазды ол.

Соңғы жаңалықтар