Америкалық жоғары оқу орындарында оқып жатқан қазақстандық студенттердің саны артып келеді
Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқып жатқан қазақстандықтардың саны артып келеді. |
" Халықаралық студенттердің академиялық ұтқырлығы жөніндегі Open Doors 2010 жылдық есебіне қарағанда, 2008 жылмен салыстырғанда 2009-2010 жылдары америкалық жоғары оқу орындарында оқыған қазақстандық студенттердің саны 13% артқан (1714-ден 1936 студентке) дейін", делінген сәрсенбіде "Интерфакс-Қазақстан" агенттігінің баспасөз орталығында өткен баспасөз мәслихатында таралған EducationUSA консультациялық білім беру орталығының баспасөз хабарламасында.
"Бакалавриат бағдарламасы бойынша көбірек таңдалатындары: Houston Community College System, Rochester Institute of Technology, Indiana University - Bloomington, Texas A&M University, University of Tulsa университеттері", деді баспасөз мәслихатында Халықаралық Білім жөніндегі Америкалық Кеңестердің аймақтық директоры Джессика Леонард.
EducationUSA-ның білім жөніндегі консультанты Әсел Мұхамеджанова атап өткендей, АҚШ-та 4 мыңнан аса колледж, жоғару оқу орны мен университет бар.
"Бағасы жылына 6,5 мың доллардан 60 мың долларға дейін", деді ол.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін