Америкалықтар Барак Обама мен оның қарсыласы Митт Ромниді бірдей қолдайтынын көрсетеді - қоғамдық пікір - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Америкалықтар Барак Обама мен оның қарсыласы Митт Ромниді бірдей қолдайтынын көрсетеді - қоғамдық пікір

Америкалықтар Барак Обама мен оның қарсыласы Митт Ромниді бірдей қолдайтынын көрсетеді - қоғамдық пікір

АҚШ-та президент сайлауына дауыс беруге арналған алғашқы сайлау учаскелері Нью-Гэмпшир штатында (Диксвилл қаласы) ашылды.

  • 6 Қараша 2012
  • 244
Фото - Caravan.kz

Ал «Сэнди» дауылынан зардап шеккен Нью-Джерси штатының билігі үйлерінен көшірілген азаматтарға электронды почта арқылы дауыс беруге рұқсат етті. Құтқару жұмыстарын жүргізіп жатқандар да осы тәсіл арқылы дауыс бере алады. Штат басшылығы азаматтар сайлау учаскелеріне жете алмай қалуы мүмкін деп алаңдайды.

BBC агенттігінің хабарлауынша, сарапшылар бұл жүйе сынақтан өтпегендіктен, теріс пиғылдылар оны өз мақсаттарына пайдалануы мүмкін дейді.

Қоғамдық пікірге сүйенсек, америкалықтар үміткерлердің екеуін де — қазіргі президент Барак Обама мен оның қарсыласы Митт Ромниді бірдей қолдайтынын көрсетеді.

Соңғы деректер бойынша, Флорида, Огайо, Виржиния және Колорадо сияқты сайлау барысында шешуші рөл атқаратын штаттарда Обаманың танымалдығы Ромниден басымырақ болып тұр.

Америкалықтар бүгін президенттен бөлек бірнеше штаттың губернаторларын, Өкілдер палатасының толық құрамын және Сенат мүшелерінің үштен бірін сайлауға дауыс береді.

www.azattyq.org

Copyright (c) 2011. RFE/RL, Inc. Reprinted with the permission of Radio Free Europe/Radio Liberty, 1201 Connecticut Ave., N.W. Washington DC 20036.

Соңғы жаңалықтар