Америкалықтар Тәжікстанда теракті болу мүмкіндігін ескертті - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Америкалықтар Тәжікстанда теракті болу мүмкіндігін ескертті

Америкалықтар Тәжікстанда теракті болу мүмкіндігін ескертті

Душанбедегі АҚШ елшілігі Тәжікстандағы америкалықтарға теракті болу мүмкіндігін ескертіп, қоғамдық көліктерде жүруден бас тартып, өте абай болуға шақырды.

  • 10 Қараша 2016
  • 667
Фото - Caravan.kz

Мұндай ескерту 9 қарашада АҚШ-тың Тәжікстандағы елшілігінің ресми сайтында пайда болды. Хабарламада елшілік алған ақпараттарға сәйкес, террористік топтар адам көп шоғырланған жерлерде шабуылдар жасап, Ауғанстан шекарасынан өтуді мақсат етіп отыр делінген.

Елшілік бұл ескертудің тек Тәжікстанға ғана қатысы бар екенін еске салған.


Елшілік сонымен бірге Тәжікстанда тұратын америкалық азаматтарға Ауғанстанмен шектесетін аймақтарда кешкі уақытта жүрмеуге шақырды.

Соңғы жаңалықтар