Қамаудағыларға вакцина егу туралы бастаманы Американдық «Сенім» қайырымдылық қорының Шымкенттік филиалы көтерген. Барлығы 780 тұтқынға голландиялық «Инфлювак» атты вакцинасы егіліпті. Вакцинаны сатып алуға 10 мың доллар жұмсалған. Вакцина егу жұмысын «Сенім» қорының үш дәрігері ҚР қылмыстық атқару жүйесі комитетінің облыстық басқармасының медициналық бөлімінің қызметкерлерімен бірлесе отырып жүзеге асырды.