Жарияланды: 470

Американдық дәрігерлер Оңтүстік Қазақстан облыстық абақтыларда қамауда отырғандарға тұмауға қарсы вакцина екті

Американдық дәрігерлер Оңтүстік Қазақстан облысындағы құрт ауруына шалдыққандарға арналған 167/2 түзету мекемесінде қамауда отырғандарға тұмауға қарсы вакцина екті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР қылмыстық атқару жүйесі комитетінің облыстық басқармасынан хабарлады.

Қамаудағыларға вакцина егу туралы бастаманы Американдық "Сенім" қайырымдылық қорының Шымкенттік филиалы көтерген. Барлығы 780 тұтқынға голландиялық "Инфлювак" атты вакцинасы егіліпті. Вакцинаны сатып алуға 10 мың доллар жұмсалған. Вакцина егу жұмысын "Сенім" қорының үш дәрігері ҚР қылмыстық атқару жүйесі комитетінің облыстық басқармасының медициналық бөлімінің қызметкерлерімен бірлесе отырып жүзеге асырды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін