Американдық дәрігерлер Оңтүстік Қазақстан облыстық абақтыларда қамауда отырғандарға тұмауға қарсы вакцина екті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Американдық дәрігерлер Оңтүстік Қазақстан облыстық абақтыларда қамауда отырғандарға тұмауға қарсы вакцина екті

Американдық дәрігерлер Оңтүстік Қазақстан облыстық абақтыларда қамауда отырғандарға тұмауға қарсы вакцина екті

Американдық дәрігерлер Оңтүстік Қазақстан облысындағы құрт ауруына шалдыққандарға арналған 167/2 түзету мекемесінде қамауда отырғандарға тұмауға қарсы вакцина екті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР қылмыстық атқару жүйесі комитетінің облыстық басқармасынан хабарлады.

  • 8 Желтоқсан 2003
  • 457
Фото - Caravan.kz

Қамаудағыларға вакцина егу туралы бастаманы Американдық «Сенім» қайырымдылық қорының Шымкенттік филиалы көтерген. Барлығы 780 тұтқынға голландиялық «Инфлювак» атты вакцинасы егіліпті. Вакцинаны сатып алуға 10 мың доллар жұмсалған. Вакцина егу жұмысын «Сенім» қорының үш дәрігері ҚР қылмыстық атқару жүйесі комитетінің облыстық басқармасының медициналық бөлімінің қызметкерлерімен бірлесе отырып жүзеге асырды.

Соңғы жаңалықтар