Фильмнің қазақт тілді нұсқасының бюджеті — 20 млн теңгеден асады, делінген қауымдастықтың бүгінгі хабарламасында.
“Голливуд жұлдызы Уилл Смит қазақ тілінде Азамат Қанапияевтің дауысымен сөйлейді. Қалған рөлдерді Шалқар Үркімбаев, Балтабай Сейтмамытов, Бақытжан Әлпейісов, Сәуле Тұрдақынова және басқа актерлер дыбыстайды. Қазақ тіліндегі дубляждің режиссері Айгерім Оңалбек.
Фильм қазақстандық прокатқа қазақ және орыс тілдерінде 24 мамырда шығады.