Амман қаласында қазақстан-иордания ынтымақтастығының, соның ішінде спорт саласындағы ынтымақтастықтың даму мәселелері талқыланды - kaz.caravan.kz
  • $ 491.97
  • 583.77
+2 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Амман қаласында қазақстан-иордания ынтымақтастығының, соның ішінде спорт саласындағы ынтымақтастықтың даму мәселелері талқыланды

Амман қаласында қазақстан-иордания ынтымақтастығының, соның ішінде спорт саласындағы ынтымақтастықтың даму мәселелері талқыланды

ҚР-ның Иорданиядағы Елшісі Болат Сәрсенбаев Амман қаласында Иордания Олимпиада Комитетінің Президенті Ханзада Файсал Бен Әл-Хусейнмен (Абдалла II-нің туған ағасы) кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы елшілігінің баспасөз қызметі.

  • 11 Қаңтар 2011
  • 468
Фото - Caravan.kz

Кездесу барысында екіжақты, соның ішінде спорт саласындағы ынтымақтастықтың даму мәселелері талқыға салынды.

Ханзада VII қысқы Азия ойындарының іс-шараларына қатысу үшін Қазақстанға сапар жасауды жоспарлап отырғанын жеткізді.

Иордания тарапынан ойындарда үш атлет тау шаңғысы мен фристайл спорты сайыстарына қатысады.

Соңғы жылдары Қазақстан мен Иордания арасындағы спорт саласындағы ынтымақтастық нығаюда. 2010 жылдың ішінде иордандық командалар бокс, таэквондо, ауыр атлетика және регби секілді спорт түрлері бойынша Қазақстанда өткен әртүрлі жарыстарға қатысқаны белгілі.