А.Мұсақожаеваның альбомын немістің дыбыс жазу компаниясы 5 мың данамен шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
А.Мұсақожаеваның альбомын немістің дыбыс жазу компаниясы 5 мың данамен шығарды

А.Мұсақожаеваның альбомын немістің дыбыс жазу компаниясы 5 мың данамен шығарды

Астанада Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры, профессор, әлемге танымал скрипкашы Айман Мұсақожаева Германияда жазылған өзінің альбомының шығарылуы жайында баспасөз мәслихатын өткізді.

  • 22 Сәуiр 2013
  • 478
Фото - Caravan.kz

А.Мұсақожаеваның айтуынша, «Deutsche Grammophon Gesellschaft» дыбыс жазу компаниясы Германияда күйтабақтар мен компакт-дискілер шығаратын Германиядағы байырғы кәсіпорын.

ҚР халық әртісі осы әлемге танымал лейблмен келісім-шартқа қол қойған алғашқы қазақстандық орындаушы.

Сонымен бірге, неміс компаниясы А.Мұсақожаеваға «Deutsche Grammophon Gesselschaft» әртісі» ресми мәртебесін берді.

Қазақстандық скрипкашының дискісі 5 мың данамен шықты. Альбомға А.Мұсақожаева ҚР сирек музыкалық аспаптар мемлекеттік коллекциясындағы бірегей аспап — 1732 жылғы Антонио Страдиваридың скирипкасымен дирижер Мануэль Эрнандес Сиьльваның басқаруындағы Вена симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен орындаған П.Чайковский мен С.Прокофьевтің скрипкалық концерттерінің эксклюзивтік жазбалары енді.
Біздің жаңалықтарымызды қадағалаңыздар

Перейти к новостям спорта