Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы "Уақыт көрсетеді " бағдарламысына сілтеме жасап хабарлайды.
Әнші бағдарлама барысында ота жасалар алдындағы сәтімен, әсерімен бөлісті.
— Осы жылы маған сынақ жылы болып басталды. Бұл ауруды эпилепсия ауруымен ауыратындар жақсы біледі. Небір есін жоғалтатын адамдар бар.
Мен отаны 3 сағат, ары кетсе, 4 сағатта бітеді деп ойладым. Сөйтсем, 10-11 сағат жасалды. Отадан соң қатты қиналдым. Тоңып-жаурадым, қаншама күтім жасадым. Сынақтың үстінде болдым. Бірақ, ұазір түс көргендей болып жүрмін. Бәрі жақсы, оңалып келеді.
Отадан алдын қатты қуандым. Бұл жағдай менің ұлым мен қызымның басына емес, менің басыма түскен сынақ болды , деп ағынан жарылды әнші.
Сонымен қатар, әнші сахна төрінде екі рет есінен айырылған кезін айтты.