Аталмыш байқау жыл сайын жаңа есімдерді екшеп, жас жұлдыздарды жағуда. Ағымдағы жылы қазылар алқасына Майра Дәулетпақова, Болат Мажағұлов, Жанар Қолбашаева және Майра Нүркенова сынды өнер саңлақтары кірді.
Қазылар алқасының мүшесі Майра Дәулетпақова: «Осындай байқаулар біздің жас орындаушыларымыз үшін маңызды. Және де бұл байқау қаламыздың туған күніне арналғаны екі есе қуаныш сыйлайды», — деп фестиваль туралы өз ойын білдірді.