АН-72 бортында қаза тапқандардың 6-ның жеке басы анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 473.15
  • 515.12
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АН-72 бортында қаза тапқандардың 6-ның жеке басы анықталды

АН-72 бортында қаза тапқандардың 6-ның жеке басы анықталды

Осы апатқа ұшыраған АН-72 әскери ұшағының бортындағы 27 адамның алтауының жеке басы анықталды. Бұл туралыұшақта марқұмдардың туыстарынан белгілі болды. Ал, әуе апаты орын алған жерде жұмыс жасап жатқан арнайы комиссия әзірге үнсіз.

  • 28 Желтоқсан 2012
  • 397
Фото - Caravan.kz

— Астанада ұшаққа отырардың алдында хабарласты. 14-35 болатын. ең бірінші сұрағаны – ауа райы болды. Ауа райының жағдайын сұрады. Ауа райы жөнінде айттым. Бізде ауа бұлтты, туман да түсетін сияқты болып тұр деп. «Жарайды онда, мүмкін ұшып қалармыз. Үш сағатта көрісерміз»-деді. 

Бұл — кеше апатқа ұшыраған АН-72 әскери ұшағында болған шекарашы Сәулебай Досыбековтың отбасымен тілдескенде айтқан соңғы сөздері. Оңтүстік Қазақстан облысындағы 2024 «А» әскери бөліміне 4 жылдай басшылық еткен подполковниктің артында 4 перзенті қалды. Бүгін Досыбеков пен оның 5 әріптесінің тұлғасы анықталыпты.

Ләззат Сейдахметова, әуе апатында опат болған офицердің жесірі

— Жанұялармен кездесу болды. Сонда айтылды «6 кісінің мәйіті анықталды»,  — деп. оның ішінде біздің папамыз да бар — Досыбеков. бірақ, бәрін анықтамайынша, оны біз ала алмайды екенбіз.

Сол қаза болғандарды еске алып, бір минут үнсіздік жариялаймыз.

Осыдан 3 жыл бұрын, Оңтүстіктегі Өгем тауында тікұшақ құлап, сонда қаза болған 13 шекарашының құрметіне қойылған ескерткіш алдына қаралы топ тағы да жиналды. Тағы да әуе апатында опат болған ел шебін қорғайтын шекарашыларды еске алу үшін. Сарбаздардың соғыста емес, ай-күннің аманында ажал құшқаны күллі қазақ жұртының қабырғасын қайыстырды. Бүгін қара жамылған отбасыларына алғашқы қаржылай көмек те көрсетілді.


Берік Уәли, ОҚО әкімдігі баспасөз қызметінің жетекшісі:

Қайғыны бөліссең  — азаяды деген. Осы қайғыға ортақтасып, бөлісіп, миллион теңгеден 26 отбасына 26 миллион теңге берілді. 

Қолдағы бар мәлімет бойынша, қазір АН-72 әскери ұшағында опат болған шекарашылардың туыстары Шымкентте жиналып жатыр. Олардан қаза болғандарды геномдық сараптамадан өткізу үшін қан алынатын болады. Сондай-ақ, апат болған әуе техникасының «қара жәшігі» де арнайы сараптамаға жіберіліпті.