Ана мен бала денсаулығы – ұлт болашағы - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ана мен бала денсаулығы – ұлт болашағы

Ана мен бала денсаулығы – ұлт болашағы

Әр мемлекеттің басты байлығы – адам. Қазақстанда да адам өмірі барлығынан да маңызды. Еліміз тәуелсіздік алғалы бері халықтың денсаулығын жақсарту мақсатында көптеген арнайы бағдарламалар қабылданып келеді. Әсіресе ана мен бала денсаулығына ерекше мән берілуде. Оның себептері де түсінікті.

  • 17 Қараша 2017
  • 10237
Фото - Caravan.kz

Қазақстан жер көлемі жағынан әлемде 9-орында тұр. Халық саны бойынша төменгі сатыларда.Елдің демографиялық ахуалін жақсарту үшін ана мен бала денсаулығының жақсы болуы маңызды. Ал үкімет тарапынан қабылданып жатқан арнайы бағдарламалар өз нәтижесін бере бастады. Еліміз тәуелсіздік алғалы бері 25 жылда елімізде ана мен бала өлімі бірнеше есеге азайған.

Caravan.kz медиа-порталы ана мен бала денсаулығын қорғауға байланысты әр жылдардағы деректерді салыстырып көрді.

Егемендіктің алғашқы жылдары босанған әрбір мың әйелдің 67-сі қайтыс болса, 2015 жылы бұл көрсеткіш 12-ге дейін төмендеген. Ал, бала­лар өлімі 27-ден 9-ға азайды. Ал бұл көрсеткіштердің жақсаруы халық санының өсуіне оң ықпал етті. Ал, былтыр соңғы көрсеткіш 12-ні көрсетті. Ал балаларға қатысты коэффициент аталған аралықта, 27-ден 9-ға төмендеді. Осының арқасында халықтың өсімі айтарлықтай нәтиже берді. Бұған себеп болған тағы бір фактор – неке құрушылардың саны жыл өткен сайын артып, ажырасу деректерінің азайып жатқандығы. Ал баланың туылуына қатысты көрсеткіште айтарлықтай өзгеріс жоқ. 1990 жылдары 1000 адамға шаққандағы жылдық көрсеткіш 21,5-ді құраса, қазір 22,6-қа тең.

Дегенмен еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі алғашқы 6 айға байланысты келтірген деректер әлі де ана мен бала денсаулығын жақсарту жолында көп жұмыс атқару қажеттігін көрсетеді.Мәселен, 2017 жылдың алғашқы 6 айында Қазақстанда ана өлімі көрсеткіші 4,5 процентке артқан. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой мәлім еткен болатын. Ана өлімі бойынша ең жоғары көрсеткіш Павлодар, СҚО мен Алматы облыстарында байқалып отыр. Ал республикалық дәрежеде аталған көрсеткіш 2 процентке азайып, 7,46 процентті көрсеткен. «Ана өлімінің ең жоғарғы көрсеткіші Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды және Павлодар облыстарында тіркелді», — деді вице-министр. Сонымен бірге, Алексей Цой ана өлімінің себептеріне қатысты есепте нақтыланбаған жайттардың бар екендігін айтты. «Соңғы үш жылдың сараптамасы ана өліміне көп жағдайда қан айналымы себеп болып отырғанын көрсетті. Екінші кезекте тыныс алу ағзалары себеп болып отыр. 2017 жылдың алғашқы жартыжылдығы бойынша тура сол жағдай қайталанған. Әлемдік жағдайда ана өлімінің екінші себебі білімсіздіктен болып жатады. Осы бағыттарда қайта сараптама жүргізу орынды деп есептеймін», — деді ол.

Егемен ел болғалы бері атқарылған игі шаралардың бірі Ана мен баланың ғылыми-зерттеу орталығының құрылуы. Ана мен баланың денсаулығын қарайтын республикалық ғылыми-зерттейтін орталық – Қазақстандағы аналар мен балалар денсаулығын жақсарту бағытындағы дәрігерлік, ғылыми және педагогикалық бас мекеме.

Қазақ педиатрия ғылыми-зерттеу институтының акушерлік-гинекология бөлімі негізінде Алматы қаласында құрылған. Орталықтың ғылыми жұмыстарының бағыты – еліміздегі әйелдердің денсаулығын сақтау, екіқабат әйелдердің өте қауіпті тобындағыларды дер кезінде емдеу, оның тәсілдері мен стратегиясын, аналардың және іштегі нәрестенің сырқаты мен шетінеуін азайту, нәрестенің мезгілінен бұрын туу себептерін, туысынан болған ауытқулардың таралу аймағы мен генетик. байланысын зерттеу, бедеу әйелдерді емдеу. Орталық материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етілген. Жаңа диагностикалық және емдеу аппараттарымен, құрал-саймандарымен, төсек-орынмен жабдықталған, сондай-ақ білікті мамандармен толықтырылған. Орталықта 17 ғыл. және емдеу бөлімдері бар. Оларда 100 ден аса ғылыми қызметкер қызмет атқарады.

Орталық жанында «Акушерлік және гинекология» мамандығы бойынша кандидатура және докторонтура диссертация қорғау жөніндегі арнайы кеңес жұмыс істейді. Жыл сайын көптеген жас мамандарды аспирантураға, клиникалық ординатураға даярлайды. Ғылыми-зерттеу жұмыстары еліміздегі әр түрлі саладағы мекемелермен, сондай-ақ халықар. бірлесу шеңберінде шетелдік мемл. ғыл. орталықтарымен тығыз байланыс жасайды.

Қазақстанда тәуелсіздік жылдары диагностикалау мен нәрестенің бойындағы патологияларды ерте кезеңде анықтаудың заманауи тәсілдерін қолдану нәтижесінде сәби өлімі 1991 жылы 1000 тірі туылғандарға шаққанда 27,4-тен 2015 жылы 9,39-ке дейін 3 есеге төмендеді,

Республикада күн сайын 1 мыңнан астам, жыл сайын 400 мыңнан аса сәби дүниеге келеді. Туу көрсеткіші соңғы 5 жылда 3%-ға өсті. Елімізде сәби өлімін азайтуға бағытталған шаралардың нәтижесінде салмағы 500 грамм және одан асатын шала туған балалар өмір сүруге мүмкіндік алды. 5 жылда салмағы 1500 граммға дейінгі санаттағы балалардың тіршілікке қабілеттілігі 30%-ға өсіп, 60%-ға жуық көрсеткішті құрап отыр. Еліміздің барлық өңірлерінде тиімді перинаталды көмекті енгізу бойынша оқыту орталықтары жұмыс істеуде. Перинаталды көмек көрсетуде бірегей тәсілдерді қолдануды қамтамасыз ету мақсатында 300-ден астам емханалық хаттамалар халықаралық стандарттарға сәйкестендіріліп, бекітілді, сонымен бірге, медициналық қызметкерлер оқытылып, медициналық ЖОО-да оқу және жұмыс бағдарламалары өзгертілді. Дамудың туабітті кемістіктерін уақытылы анықтау үшін генетикалық және ультрадыбыстық скрининг жасалады. Перзентхана деңгейінде нәрестелердің есту қабілеті кемістіктерін анықтау бойынша скрининг енгізілген. Неонатальды хирургияның дамуына қарай 3 жылда ота жасалған нәрестелер көрсеткіші 50%-ға ұлғайып, хирургиялық патологиядан қайтыс болған нәрестелер көрсеткіші 2010 жылмен салыстырғанда 40%-ға төмендеді.

Дегенмен ана өлімінің мәселесі түбегейлі шешілді деген сөз емес.Ақ халат­тылардың айтуынша, елімізде жүкті әйелдердің 20 пайызының ғана денсаулығы жақсы, яғни, 80 пайызының денсаулығында түрлі ақау бар. Мұның басты себебі жүкті әйелдердің дер кезінде дәрігерге қаралмайды. Жүкті әйелдердің 50 пайызға жуығы дер кезінде тіркеуге тұрмайды екен. Тиісінше, дәрігерлік кеңес ал­майды, диагнос­тикалық тек­серуден өтпейді. Бұл балада туа-бітті ақаулардың, тұқым қуалай­тын немесе әйелдің денсау­лығына зиянды аурулардың бар-жоғын дер кезінде анықталу мүм­кіндігін шектейді. Бала өмірге сау болып келуі үшін әйелдің өз денсаулығына аса мән беруі қажет. Мамандардың айтуынша, ана өлімі көбіне әйелдің аяғы ауыр кезінде, босану кезін­де және бала туғаннан кейін 42 күн ішінде орын алып жатады. Дәрігерлер ана өлімі тікелей және жанама болып екі түрге бөлінетінін айтады. Тікелей түрі жүктілікпен байланысты болса, жанама түрі әйелдің денсаулығына тәуелді. Мәліметтерге қарағанда, тікелей себептер жыл санап азайып келеді. Алайда, жанама себептер көрсеткіші көңіл көншітерлік емес.
Республика бойынша 3,5 млн-дай әйел бала тууға қабілетті. Олардың 200 мыңнан астамы жүктілік бойынша диспансерлік есепке тіркелген. Ал, солардың ішінде 600-ден астам әйелге денсаулығына байланысты бала көтеруге тыйым салынған.



Бүгінде елімізде денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында ана мен балаға денсаулығын қорғау сапасын арттыру мақсатында бірқаатр шаралар атқарылуда. Әсіресе републикамыңздың әр өңірлерінде акушер-гинекологтардың біліктілігін артыру бойынша семинарлар өткізілуде. Мамандар тиісті тәжірибе алып, білімін толықтырып отырады. Дәрігерлердің білімін жетілдіру, жергілікті аналар мен нәрестелердің денсаулығына байланысты мәселелерге көңіл бөлу мақстаныда жасалуда.

Өірлердегі қыз-келіншектер бала өмірге әкелгенде жас арақашықтығына көп көңіл бөлмей жатады, яғни ананың ағзасы толықтай қалыптасып үлгермей жатып екінші баласын көтеріп қоятын жағдайлар жиі кездеседі. Оның өзі баланың денсаулығына әсер етеді. Өмірге бала әкелетін жастағы аналардың көпшілігі қан аздығына шалдыққандар. Аналардың денсаулығының нашарлығынан ағзалары жан-жақты жетілмеген, аурушаң, әлсіз сәбилер дүниеге келетіні жасырын емес.Сондықтан да жергілікті дәрігерлерге жоғарыда атап өткен сырқаты бар әйелдерді

жүктілікке қалай дайындау керектігін үйретіп, тәжірибелі дәрігер ретінде кеңесін айтты.

Еліміздің қылмыстық кодексіне егізілген соңғы өзгерістер мен толықтыруларға медициналық құқық бұзушылық деген тарау енгізілгені белгілі. Басты мақсат ана мен бала денсаулығын қорғауды күшейту.

Медициналық құқықбұзушылық туралы арнайы тарау өз кезегінде медициналық құқықбұзушылық, оның ішінде заңсыз аборт жасау, заңсыз фармацевтикалық қызметпен айналысу, дәрілік заттарды фальсификациялау сияқты қылымыстық істерге қылмыстық жаза қолдануды көздейді. Сондай-ак, бұл тарауды кодекске енгізу арқылы Елбасының «Қазақстан 2050 стратегиясында» ана мен бала денсаулығын қорғау, ана мен бала денсаулығына қарсы қылмыстык құқықбұзушылық үшін жауаптылықты арттыру көзделген. Медициналық құқықбұзушылық

Онда заңсыз медициналық және фармацевтикалық қызмет және есiрткi немесе психотроптық заттарды алуға құқық беретін рецептілердi немесе өзге де құжаттарды заңсыз беру не қолдан жасау, Жалған дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен немесе медициналық техникамен жұмыс істеу мәселесінен бөлек заңсыз түсік жасау мәселесі де ерекше қадағаланады. Тиiстi бейіндегі жоғары медициналық бiлiмi жоқ адамның түсік жасауы — екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Ал егер тиiстi бейіндегі жоғары медициналық бiлiмi бар адамның заңсыз түсік жасауы –белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Бұл өз кезегінде ана мен бала денсаулығын қорғауды күшейтеді.

Ана мен бала денсаулығы медицина саласының ең өзекті әрі көкейкесті мәселесі екені анық. Ұлт байлығы десе де артық емес. Халқымыздың баянды болашағы, мемлекетіміздің ертеңгі жарқын күні бұл ана мен бала денсаулығының қандай болмағына тікелей байланысты.

Бала денсаулығы бүгінде мектеп тіпті балабақша аумағында да жіті бақыланады. Жыл бойы балаларға сауықтыру мен шынықтыру жүргізіліп отырады. Мектеп жасына дейінгі балалар әсіресе күз, қыз мезгілдерінде суық тиген аурулармен аурады. Бұл балалардың ағзасына теріс ықпалын тигізіп, кейде созылмалы сырқатқа айналуы ықтимал.  Осындай дерттің алдын алу үшін және сақтанудың негізгі жолы табиғи сауықтыру факторлары. Ауа, су, күннің көзін мақсатты түрде пайдалану, бала бойынша өзгерістерді жағдайларға төселген реакциялардың қалыптасуына көмектеседі, яғни оның ағзасын шынықтырады.
Балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін ата-аналар мен бірге балалар дәрігері де жауапты.   

Кішкентай бүлдіршіндердің жауапкершілікті сезіне жүріп жасаған әрбір іс-әрекеті арқылы олардың ептілікке , жылдамдыққа, шыдамдылыққа және батылдыққа тәрбиеленіп келе жатқандығын айқындай түсе, балалардың бір-біріне деген жанашырлығы, көмек қолын созуы олардың адами асыл қасиетті бойларына сіңіріп өсуде екендігін көрсетеді.

Сауықтыру жұмыстарының дәстүрлі емес түрлері кеңінен қолданады. Олар: жазғықұмда жаланаяқ жүру, суық сумен су құю, нүктелі төсеніштермен жүру. Қыс мезгілінде таза ауада серундеу, шаңамен сырғанау, шаңғы тебу адам ағзасының жұқпалы аурулар мен суыққа төзімділігі мен қарсылығын арттыратыны анықталған. Қысқы ойын түрлерінен спорттық жарыстар, мерекелік шаралар ұйымдастыру балалар бойына қуанышты көңіл күй сыйлайды. Алдымен балалар ойнайтын ойын аланың өздеріне жақсы таныс жануарлардың, ертегі кейіпкерлерінің мүсіндерін жасап мерекеге сай безендіріп, жолдарды қардан тазартуға белсене қатысып, сол күннен бастап мерекелік көңіл күйде жүреді. Сондықтан да дене шынықтырудан қызықты қысқы жарыстар көбірек ұйымдастыру , жоспарлау, балалардың ойынға деген қызығушылығын арттырары сөзсіз. Ойынның балаға тигізер әсерін мынадай ұшқыр ойымен түйіндеуге болады: «Ойын- өсіп келе жатқан бала организімінің қажеті. Ойында баланың дене күші артады, қолы қатайып, денесі шындала түседі, көзі қырағыланады, зеректілігі , тапқырлығы, ынтасы артып жетіле түседі.

 

Соңғы жаңалықтар