«Ана тілін білмейтіндер патриот бол алмай ма?» -республикалық басылымдарға шолу - kaz.caravan.kz
  • $ 439.4
  • 473.54
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Ана тілін білмейтіндер патриот бол алмай ма?» -республикалық басылымдарға шолу

«Ана тілін білмейтіндер патриот бол алмай ма?» -республикалық басылымдарға шолу

Кеше Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұл­тан Назарбаевтың қатысуымен Астанада басталған 7-ші Бү­кіләлемдік Ислам экономикалық форумының (БИЭФ) сал­танатты түрде ашылу рәсімі болды. Оған Ислам әлемі­нің 50-ге тарта елдерінен және Ислам халықаралық ұйым­да­рынан көрнекті тұлғалар: саяси және қоғам қай­рат­кер­лері, бизнес өкілдері, ғалымдар мен сарапшылар жиналды. Осы айтулы жиын арқау болған мақала ел газеті «Егемен Қазақстанда» «Дәнекер елдің дидары жарқын» деген тақырыппен жарияланды. Басылымның атап өтуінше, Исламның болмысын бейбітшілік пен мейірімділіктің, төзім­ділік пен әділеттіліктің діні ретінде қалыптастыруға баршамыз бірге күш салуға тиіс екендігімізді баса айтқан Елбасы мұсылман елдерін айтарлықтай жаңғыртуды көздейтін бес бастаманы көтерді.

  • 9 Маусым 2011
  • 463
Фото - Caravan.kz

«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жетінші Дүниежүзілік Ислам экономикалық форумы аясында Ислам Даму банкінің Президенті Ахмад Мохаммед Әли Әл-Маданимен кездесті», — деп жазады «Егемен Қазақстан» газеті. Кездесу кезінде екі жақты іс-қимыл мәселелері, сондай-ақ жетінші Дүниежүзілік Ислам эко­но­микалық форумының күн тәртібі талқыланды. «Біз ИДБ-ның өз еліміздегі қыз­ме­ті­не үлкен мән береміз. Біз Қа­зақстанда аймақтық ислам қар­жы­ландыру орталығын қа­лып­­тас­тыру үшін жұмыс істеудеміз. Біз қазірдің өзінде екі банкті аш­тық», — деп атап өткен Мемлекет басшысы.

***

Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеу шаралары аясында маусым айы «Патриотизм» тақырыбымен өтуде. Қаламгер Смағұл Елубайдың пайымынша, патриотизм ана тілінен басталады. «Әрбір азаматтың мемлекеттік тіл­ді білуін міндеттейтін талапты Конституцияға бап ретінде енгізу қажет. Егер Қазақстанда тұратын халық өзге тілді болып кететін болса, қазақстандық патриотизм өліп, ұлы дала ру­хының құр сұлбасы қалады», — дейді ол. Сондай-ақ бұл жайында пікір білдірген Қазақстан Президентінің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев: «Тәуелсіздік алған кездегіден қаз­ақ тілінде сөйлейтіндер қазір ар­тық. 20 жылғы жағдаймен тіпті са­лыс­тыруға да келмейді! Бәрі дұрыс! Кімнің патриот екенін, кімнің пат­риот еместігін анықтап қажеті жоқ. Патриотизм тарихта сын сағатта белгілі болады», — дейді. Аталған азаматтардың пікірін толық білгіңіз келсе, «Айқын» газетіндегі «Ана тілін білмейтіндер патриот бол алмай ма?» деген тақырыпқа көз салыңыз.

***

«Алаш айнасы» газетінің тұрақты «Дат!» айдарында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әмзебек Жолшыбековпен арадағы сұхбат жарияланды. Басылымның тілшісінің барлық сауалдарына тұщымды жауап берген халық қалаулысы: «Тұрақтылық болмаса, экономикалық меже орындалмақ тұрмақ, Тәуелсіздіктің өзі белгілі бір деңгейде шатқалақтайтынын естен шығаруға болмайды. Мен біздің кейбір азаматтарымыздың соны түсінгенін қалаймын», — дейді. Сұхбаттың толық нұсқасын оқығыңыз келсе, басылымның бейсенбілік санындағы «Түркілердің бүгін бірігуі ертеңіміз үшін маңызды» деген тақырыпқа назар салыңыз.

«Төраға Орал Мұхамеджановтың қатысуынсыз Парламент Мәжілісінің мамыражай басталған кешегі пленарлық отырысының шырқын мәжілісмен Валерий Котович бұзды», — деп жазады «Алаш айнасы» газеті бүгінгі санындағы «Елекеев Котовичтің «қармағын» қапқысы келмейді» деген тақырыптағы мақаласында. Басылымның атап өтуінше, күн тәртібі бойынша отырыс әуелі депутаттық сауалдардан басталатын еді, бірақ кеше Валерий Котовичті не түрткені белгісіз, әріптестерінің алдына «сауалдарды жиынның соңына қалдырайық» деген ұсыныс тастады. Бұл ұсынысқа Мұхтар Тінікеев бастаған Парламент депутаттардың біразы шарт-шұрт бола қалды. «Несі бар, онсыз да анда-санда бір келетін Үкімет мүшелері сауалдарымызды тыңдап кетсін. Әйтпесе, екі сағаттан кейін бір де бір журналист қалмайды. Сол кезде сауалдарымызды қабырғаға айтамыз ба?», — деген ол бұл ұсыныспен мүлдем келіспейтінін жеткізді.

***

«Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов Италия елшісі Бруно Антонио Паскуиноға Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасын табыстады», — деп жазады «Казахстанская правда» газеті. Басылымның жазуынша, Елшіні Құрмет грамотасымен марапаттау туралы Жарлыққа Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 30 мамыр күні қол қойған. Қазақстанда 4,5 жыл жұмыс істеген италияндық дипломатқа екі ел арасындағы достықты, Қазақстан мен Италия әріптестігін нығайтудағы үлкен үлесі үшін беріліп отыр.

Соңғы жаңалықтар