"Анам марқұм өнерге итермеледі": Жас гитарист Бекзат Құнанбай ерекше өнерімен желіні жарды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Анам марқұм өнерге итермеледі": Жас гитарист Бекзат Құнанбай ерекше өнерімен желіні жарды

"Анам марқұм өнерге итермеледі": Жас гитарист Бекзат Құнанбай ерекше өнерімен желіні жарды

Жас әнші Бекзат Құнанбай қолындағы серігі гитарамен ән айтып интернет желісінде көпшілікке танымал болды. Бірақ оның өмірбаяны көпшілікке беймәлім. 

  • 6 Ақпан 2020
  • 4971
Фото - Caravan.kz

Үлкен өнерге енді қадам басқан жас өнерпазбен Caravan.kz медиа-порталының тілшісі сұхбаттасып, жеке өмірі туралы біліп көрді. Еске салсақ, жуырда Бекзат Құнанбайдың "Душе приятно" атты ерекше әні жарыққа шықты.  

Бекзат өзіңіз туралы ақпарат айтып өтсеңіз?!

—  1999 жылы қазанның оны күні Ташкент қаласы Шыршық ауданында дүниеге келгенмін. Алтынсарин атындағы №6 мектепте 9-сынып бітірген соң жалғыз өзім Алматыға келдім. Жалпы мені өнер жолына анам марқұм итермелеген еді.

Гитараға қызығып, ән айтуыңызға не түрткі болды? 

—  Гитараны ең алғаш тоғыз жасымда ұстадым .Оған дейін домбыраға қызығып, үйірмесіне барып жүрдім. Содан соң бір ағамда гитара болды, соны ұстап көрдім. Қатты ұнап қалды. Үйренгім келді. Домбыраны ауыстырып гитара үйреніп кеттім. Қазір домбырамен ән айтпаймын. Болашақта мүмкін қайтадан қызығушылығым оянса айтармын.
Қазіргі таңда қанша ән шығардыңыз?

—  Дәл қазір таралымда жүрген алты әнім бар екен. Сегіз ән әлі өңделіп жатыр. Бйырса оны да дайын болған соң интернет желелеріне жүктейміз. Содан соң бұйырса бейнебаянға әрекет жасаймын.
Мұнша әнді қалай жалғыз жаздырттыңыз? немесе продюсеріңіз бар ма?

 Иә, әрине бар! Жалғыз өзіме бұл қиын. Жалпы өнер жолына келген соң қолдаушың болмаса қиын ғой. Бізде тіпті келісім шарт бар. Бұйыртса 2022 жылға дейін бірге жұмыс жасаймыз. Ал ол адамның кім екенін айтпай-ақ қойсам.

Жақсы. Тойға жиі шығасыз ба? Гитараңызбен көп шақырту алатын шығарсыз?

— Енді Алматыға келген кездерде  көп шығып тұратынмын. Қазір жиі шықпаймын. Қазір өзіммен айналысып жатырмын.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by Бекзат Құнанбай (@bekzat_qunanbai) on

 

 
 
Соңғы жаңалықтар