Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
2024 жылдың 30 қарашасында сағат 11:00 шамасында Сергей, Экибастуз қаласы, 13-Северный көшесіндегі үйде досы А.-мен бірге спирттік ішімдік ішіп отырған кезде, досынан анасына қоңырау шалуға ұялы телефон сұраған. А. оған жауап ретінде негізсіз түрде Сергейге бейәдеп сөздер айтып, қыңыр мінез танытқан. Сергей бұл әрекетті жеке қорлау ретінде қабылдап, оның сөздеріне байланысты А.-ға жаман ойда болып, 1 сағат бойы ойланып жүреді.
Іс-материалдарынан белгілі болғандай, сол күні сағат 12: 00-де Сергей Б. мас күйінде болған кезде, ұрысты себеп етіп, тұрмыстық жанжал негізінде ас үй пышағын алып, жәбірленуші А диванда отырған кезде кеуде аймағына екі рет соққы берген. Сот сараптамасының қорытындысы бойынша, бір соққы сол жақ кеуде қуысының алдыңғы бетіне түскен және үшінші қабырғаның шеміршекті бөлігіне зақым келтіріп, жүрек қабын жарақаттап, аортаның көтерілетін бөлігінен өтіп кеткен. Жәбірленуші А оқиға орнында қайтыс болған. Күдікті сол күні ұсталған.
Алқабилердің қатысуымен өткен сот үкімімен айыпталушы кінәлі деп танылды. Жәбірленушінің әпкесі 10 миллион теңге өтемақы талап етті. Сот талап арызды ішінара қанағаттандырды. Айыпталушыға 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жәбірленуші тарапқа моральдық шығын ретінде 4 миллион теңге өтемақы төлеу міндеттелді. Тараптардың апелляция беру үшін уақыттары бар.