Бұл туралы ол Уақыт көрсетеді YouTube арнасына берген сауалында айтып берді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.
Журналист ""Шөп шекпесем, сөз жаза алмаймын" деп айтыпсыз?" деген сауал тастады.
"Жастықпен кімде не болмады? Бірақ, бүгінгі таңда ішпеймін, шекпеймін, карта ойнамаймын", — дейді Қайнар Алагөзов.
Сондай-ақ, журналист "Анаша, көкнәр шектіңіздер? Мефедронда отырған кездеріңіз болды, ол рас па?", — деген сауал қойған.
"Жоқ. Мефедронда отырған жоқпын. Қалған екеуінің дәмін татып көрдік. Өмірге келгеннен соң қателікпен әр нәрсенің дәмін көрдік. Оның кесірінен уақытымды, достарымды, ағайын-туысқа абыройымды, ақшамды жоғалттым", — деп жауап берген ол.