Анасын өлтірген Алматы облысының тұрғыны 11 жылға бас бостандығынан айырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Анасын өлтірген Алматы облысының тұрғыны 11 жылға бас бостандығынан айырылды

Анасын өлтірген Алматы облысының тұрғыны 11 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен өзінің анасын өлтірген

  • 17 Қыркүйек 2015
  • 255
Фото - Caravan.kz

А.Петровқа қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметінен.

Іс материалдарына сәйкес, ер адам өз анасымен жанжалдасудан кейін, оны мылтықпен атып өлтіріп, мәйітін жасырған. Келесі күні, күдік тудырмау үшін полицияға өзі барып анасының жоғалғандығы туралы арыз берген. Алайда, А.Петровтан жауап алу кезінде ер адамның жүйкесі сыр беріп, ол жасаған іс-әрекетін мойындады.


Сот үкімімен сотталушы ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігімен (адам өлтіру) көзделген қылмысты жүзеге асырғандығы үшін кінәлі деп танылып оған осы баппен 11 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жаза мөлшерін түзеу колониясының қатаң режимінде өтеу белгіленді.

Үкім заңды күшіне енбеген.

Соңғы жаңалықтар